Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатынан 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен оралды
Қазақстандық кәсіби боксшы, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Сербияда өткен Әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады.
«Сербиядағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен қазақстандық боксшылар үшін қуаныштымын. Жігіттерді, бапкерлерді, Кеңес Хамитұлы бастаған федерацияны жақсы нәтиже көрсеткенімен құттықтаймын!. Азия ойындарына дайындыққа сәттілік тілеймін Алға, Қазақстан!», - деп жазды Головкин Twitter-де.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатынан 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен оралды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын медаль, Махмұд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) күміс жүлде иеленді. Команда капитаны Абылайхан Жүсіпов (67 келі) үшінші рет қатарынан әлемдік доданың қола жүлдесін жеңіп алды.
Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты.