×

Шымкенттік банк басшысы депозиттен 445 мың доллар жымқырған

Алғашқы сот отырысында судья оны ақтап шығарған

 Еркеғали Болатұлы 27.09.2022 | 15:28
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласында «Цеснабанктің» (қазіргі Jusan Bank) өзі басқарып отырған филиалынан қомақты ақша ұрлаған Нұржан Көлбаев темір торға тоғытылды.

Ол 2017 жылы қызмет бабын пайдаланып, депозиттегі ақшадан 445 мың доллар алып, қашып кеткен болатын.

Банктің алаяқ басшысына халықаралық іздеу жарияланып, ол көп ұзамай қолға түскен еді. Алайда осы іске байланысты алғашқы сот отырысында судья оны ақтап шығарған.

Кейін аппелляциялық сот директордың кінәлі екенін дәлелдеп, Нұржан Көлбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның сыбайласы 7 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама