Алматыда науқас адамдарға жұмсалатын 10 млн теңге қаражатты жымқырғандар сотталды
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Айыпталушыларға қатысты психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет 10 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін айып тағылды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында жымқырылған қаражат толық көлемде өтелді.
Айыпталушылар сотталып, сот үкімімен оларға екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Былтыр Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру 5 қылмысты тіркеді, барлық іс өндіріспен аяқталды. Жалпы анықталған шығын 32 млн теңгеден асты.