×

Қайрат Сатыбалдының сыбайласына іздеу жарияланды

Ол Қайрат Сатыбалдыұлының жеке есепшотынан 37 млрд теңге және 62 млн доллар шешіп алған

 Ербол Тұрымбет 25.09.2022 | 12:29
коллаж: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тың мәлімет жариялады.

Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлының аса сенімді өкілі – Қазақстан азаматы, 1983 жылы дүниеге келген, бірқатар коммерциялық кәсіпорынның құрылтайшысы әрі директоры Эфенди Кемалдың тұлғасы анықталған.

Эфендидің қылмыстық рөліне келсек, ол кеден саласы аумағындағы қылмыстық жолмен тапқан қаражат пен басқа да мүлікті легализациялау (жымқыру) мәселелерін шешіп отырған. Оған Қайрат Сатыбалдыұлы есепшотынан ақша шешіп алуға дейін сенім білдірген. Мысалы, бір ғана эпизод бойынша Эфенди 2018 жылдың шілде және тамыз айларының 3 күні ішінде Қайрат Сатыбалдыұлының жеке есепшотынан 37 млрд теңге және 62 млн АҚШ долларын шешіп алған.

Агенттік мәліметінше, биылғы ақпан айынан бері Эфенди Қазақстаннан тысқары жерлерде жасырынып әрі қылмыстық қудалау органдарына келуден жалтарып жүр. Оның құқықбұзушылық әрекеттері ҚР Қылмыстық Кодексінің 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына жатады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама