Дәрігерлердің жалақысы 420 мың теңге болады – министр
Денсаулық сақтау министрі ұлттық жоба аясында қандай
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтырдан бастап медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Олардың жалақысы 2023 жылға қарай орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын артуда. Биыл дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте орта медицина қызметкерлерінің жалақысы шамамен 235 мың болды», - деді министр Үкімет отырысында.
«Дені сау ұлт» - әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы. Ұлттық жобаны 2021-2025 жылдар аралығында іске асыру көзделген.