×

Мемлекетке келтірілген 523 млрд залал өтеліп, заңсыз активтер қайтарылды

Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 173 миллион АҚШ доллары өтелді

 Динара Амантай 20.09.2022 | 15:56
Фото: ашық дереккөз

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының 3 айында жалпы 523 млрд-тан аса теңгеге мемлекетке келтірілген залал өтеліп, активтер қайтарылды. Бұл туралы комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек хабарлады.

Қылмыстық істерді тергеп-тексеру аясында мемлекетке шамамен 518 миллиард теңге, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 173 миллион АҚШ доллары өтелді. Прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 миллиардтан аса теңгеге 75 мың гектар жер қайтарылды. Сондай-ақ 600-ден аса теміржол және оларға қатысты жер учаскелері қайтарылды, – деп нақтылады Зейін Әліпбек.

Еске сала кетсек, комиссия мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған болатын. Оны бас прокурор Берік Асылов басқарады.

Комиссияның құрамына құқық қорғау, орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама