Екібастұзда электр энергиясының бағасын заңсыз өсіргендер тергеліп жатыр
Компания 583 млн теңгеден аса сомаға сенімсіз кәсіпорындармен мәміле жасасқан
Екібастұзда электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тексеру басталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, компания 2019-2020 жылдарда сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасасқан.
Бұл, өз кезегінде, көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.
Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.