×

Қарағанды облысында тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

Ұйымдастырушылар WhatsApp арқылы 5 жоба атауының негізі қалаған

 Динара Амантай 19.09.2022 | 09:52
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құру және пайдалану фактілерінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, тергеу барысында әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркелген WhatsApp мессенджер қосымшасын пайдалану арқылы 5 жоба атауының негізі қаланған.

Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестицияны тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен. Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бір айға жуық уақыт бұрын Ақтөбеде төрт бірдей қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға үкім кесілген еді. Қылмыстық іс бойынша 48 адам жазаланды. Оларға 7 жылдан 18 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама