×

Қостанай облысында ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған

Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды

 Халық үні 17.09.2022 | 08:37
Фото: Д.Смағұлов/ facebook

Қостанай облысында далада ағаштан дәретхана салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды.  

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған.

Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды.

Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті:

1. Ағаштан жасалған қоршау: 60 000 тг.

2. Септиктің бетон сақинасы, қақпақ, құбыр: 40 000 тг.

3. Архимедтің арнайы күректерімен шұңқыр қазу: 500 000 тг.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама