Halyq Uni логотип
×

Шымкентте бухгалтерлер бюджеттен он миллион теңгені ұрлаған

Есепшілер кітапхананың төлем құжаттарына жалған мәліметтер енгізген

 Дастан Жұмабекұлы 16.09.2022 | 14:43
Шымкентте бухгалтерлер бюджеттен он миллион теңгені ұрлаған
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласында мемлекеттік кітапхананың есепшілері 10 млн-ға жуық теңгені ұрлаған.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменті хабарлады.

Қазір «Шымкент қаласының орталықтандырылған бұқаралық кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің есепшілерінің үстінен бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бухгалтерлер 9 791 391 теңгені заңсыз иемденген. Олар мемлекет қаржысын үш жылдан бері қалтаға басып келген. 

Есепшілер 2018-2021 жылдары «Шымкент қаласының орталықтандырылған бұқаралық кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің төлем құжаттарына жалған мәліметтер енгізген.

Қазір іс сотта қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама