×

Қарағанды облысында мүгедектігі бар жандарға бөлінген қаржы жымқырылды

Емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 млн теңгеге жуық сомаға келісімшарт жасалған

 Динара Амантай 16.09.2022 | 09:56
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды санаториялық-курорттық емделу, сауықтыру демалысымен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу барысында тапсырыс беруші мен ЖШС арасында мерзімі наурыздан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, емдік-сауықтыру демалысын қамтамасыз ету бойынша 50 млн теңгеге жуық сомаға мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалғаны анықталды.

Сонымен бірге тексеру кезінде мүгедектігі бар адамдардың шипажайға барғаны туралы жалған деректер беріліп, ЖШС-ға 1,5 миллион теңгеге жуық қаражаттың негізсіз төленгені белгілі болды.

Аталған жағдайға байланысты тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама