Halyq Uni логотип
×

Баспана арендасын субсидиялауға өтінім қашан қабылданады - министр жауабы

Мемлекет аренда ақысының 50%-ын бюджет есебінен өтейді, қалған жартысын отбасы өз қалтасынан төлейді

 Айнұр Шошаева 15.02.2022 | 10:20
Баспана арендасын субсидиялауға өтінім қашан қабылданады - министр жауабы
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 15 наурыздан бастап әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың арендалық төлемнің бір бөлігін субсидиялауға өтінім қабылдайтын цифрлық платформаны пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр. Тұрғын үй арендасын субсидиялауға өтінімдер 5 сәуірден бастап қабылданады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабаралайды Halyq Uni тілшісі.

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдерді қабылдау платформасының цифрлық нұсқасын 15 наурыздан бастап пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Платформа ЭЦҚ өтінім беруді және өтінім берушінің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексеруді көздейді. Өтінімдерді 5 сәуірден бастап қабылдауды жоспарлап отырмыз», – деді министр. 

Атап өтсек, 8 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент шенеуніктерге арендалық баспананы субсидиялау бағдарламасын тездетіп іске қосуды және 1 мамырға дейін осы жұмысты аяқтап, нәтижесі туралы есеп беруді тапсырды. 

Мемлекет аренда ақысының 50%-ын бюджет есебінен өтейді, қалған жартысын отбасы өз қалтасынан төлейді. Алайда мемлекет төлейтін қаржы ішіне коммуналдық төлем кірмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама