×

«Қазақстан халқына» қорында істейтін 25 адамның қанша жалақы алатыны белгілі болды

«Қазақстан халқына» қоры құрылғалы - бір ай ішінде 117,8 млрд теңге теңге жиналды

 Айнұр Шошаева 14.02.2022 | 18:00
коллаж: Halyq Uni

«Қазақстан халқына» қорының қаржысы екінші деңгейлі жеті банкте сақталады. Бұл туралы қордың ресми өкілі Әлібек Әділов Expert Public Space алаңында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Біз еліміздегі үздік 10 банкті іріктедік. Бірақ кейбірін таңдамадық. Оның бірі - «Отбасы банк». Ол қордың мақсаты мен міндеттеріне сай келмейді. Тағы екі шетелдік банкпен бірге үшеуі тізімнен алынды. Қалған банктер тізімі қордың сайтында бар. Сайттағы «донорлар» бөлімінде әр банк туралы мәлімет бар, атауы жазылған, – деді Әділов. 

Ресми өкілдің айтуынша, «Қазақстан халқына» қорының штатында 20-25 адам ғана жұмыс істейтін болады. 

«Қамқоршылық кеңес қазір штатты, бюджетті және штаттық кестені бекітуі тиіс. Әрине, кейбір нұсқаулар бар, бірақ бұл барлық бағытты ескере отырып, барлығы 20-25 адамнан аспайды. Дегенмен әзірге мұндай құжат жоқ», – деді ол. 

Әлібек Әділов қор қызметкерлерінің әрқайсысы бірнеше функцияны орындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, басқа қалаларда қор өкілдіктерін ашу жоспарланбаған. Себебі ол көп шығынды қажет етеді. 

Атап өтсек, өткен аптада қазақстандықтар «қор қызметкерлерінің орташа жалақысы 587 мың теңге болады» деген жаңалықты қызу талқылаған болатын. Жалақы банк депозиттері сыйақысы есебінен төленетіні белгілі болды. 

«Қазақстан халқына» қоры құрылған бір ай ішінде 117,8 млрд теңге теңге жиналды. Оның көп бөлігін ірі бизнесмендер аударды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама