Мобильді төлемнен да салық ұсталады - Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Жеке тұлғалар өзара аударым жасағанда одан ешқандай салық ұсталынбайды
Мәжіліс депутаты Сергей Симоновтың айтуынша, жаңа заң жобасында мобильді төлемнің не екені нақты көрсетіледі. Ол - Салық кодексіне енгізіліп жатқан төлем жасаудың бір түрі. Қазір кодексте төлемнің екі ғана түрі бар: қолма-қол төлем және пост-терминал арқылы картамен төлеу.
Одан бөлек, осы саладағы уәкілетті орган мен екінші деңгейлі банктердің арасында кәсіпкерлік субъектісі мен жеке тұлғаның бір-біріне аударым жасау деректері бойынша ақпарат алмасу құзыреті кеңейтіледі. Мұнда банктер қаржылық өнімдерін жетілдіре түсуі керек болады.
Яғни, бизнес жүргізу үшін кәсіпкердің есепшотын екіге бөліп, мобильді аударым арқылы төлеу кезінде түбіртек беру шарасын жеңілдету керек. Ол салық төлеушіге артық жүк түсірмейді, - деді Сергей Симонов.
Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, енді мобильді аударым жасайтын жерде «аудару» батырмасынан бөлек, «төлеу» деген қосымша жол енгізіледі. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл тұтынушылардың құқығын қорғау үшін жасалып отыр. Ал жеке тұлғалар өзара аударым жасағанда одан ешқандай салық ұсталынбайды.