Halyq Uni логотип
×

Әлеуметтік желіде сауда жасаушылардың реестрін құру ұсынылды

Абылай Мырзахметов әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқығын реттеу мен қорғауда үлкен алшақтық барын айтты

 Жандос Байділда 23.11.2021 | 15:51
Әлеуметтік желіде сауда жасаушылардың реестрін құру ұсынылды
көрнекі фото: Getty Images

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бүгінгі Үкімет отырысында әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап, сауда жасаушылардың реестрін құруды ұсынды.

Кәсіпкерлер палатасының өкілі пандемия электронды сауданы дамытудың драйверіне айналғанын айта келе, аккаунтты тегін ашу, анонимділік, қандай да бір тіркеудің болмауы, субъектінің орналасқан жерін белгілеудің мүмкін еместігін сөз етті.

Осыған байланысты экономиканың осы бір көлеңкелі түрін төмендетуге қатысты әлеуметтік желілерде сатушылардың тізілімін енгізу түрінде құқықтық шаралар қабылдау қажет деп санаймыз. Тұтынушы сатушының eGov-тағы реестрі арқылы, оның кім екенін репутациясы қандай екенін көре алады. Бұл да тұтынушының құқығын қорғауға көмектеседі деп сенеміз, - деді палатаның басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, әлеуметтік желі арқылы сатылған тауарды қайтарып беру, олардың сапасы туралы мәселелер заңда нақтылануы керек. Заң жүзінде онлайн платформалар мен интернет-дүкендердің тұтынушыларына қатысты құқықтарды қорғау жан-жақты реттелгенмен, әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқығын реттеу мен қорғауда үлкен алшақтық бар.

Тұтынушылар интернет арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік желілерде тауарларды төлеу кезінде жиі алданады. Электрондық саудада тұтынушылардың құқығын пәрменді қорғау үшін азаматтық қоғам мемлекеттік порталдарда, әлеуметтік желілерде сатушыларды ерікті тіркеуді енгізуді ұсынып жүр. Сатушы өзінің сәйкестендіру нөмірін әлеуметтік желі бетінде көрсетуі керек. Оны сатып алушы белгілі бір мемлекеттік порталда тексере алуы шарт», - деді Абылай Мырзахметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама