Қазақстандағы барлық акционерлік қоғам басшылары 71 млрд теңге сыйақы алған
31 тамыз күні Қазақстанда акционерлік қоғамдастық ретінде тіркелген компаниялардың топ менеджерлерінің жиынтық сыйақылары туралы есеп өткізетін кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni Қаржы министрлігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Акционерлік қоғамдастықтардың бұл есебі Ұлттық банк 2018 жылы бекіткен Эмитенттің ақпаратты ашу ережелері аясында қаржылық есептіліктің депозитарийіне ұсынылады.
«Депозитарийде барлығы 1200 акционерлік қоғам тіркелген. Оның ішінде 223 компания жою процедураларынан өтуде немесе әрекет етпейді. Есепті тек 801 компания ұсынды. Ал қалған жұмыс істеп тұрған 176 АҚ есепті ұсынбай, құнды қағаздар нарығы туралы заңнаманы бұзған. Енді оларды 50 АЕК көлеміндегі айыппұл күтіп тұр. Біз есептілікті ұсынған адал ниетті компаниялардың тізімін мұқият зерттеп шықтық. 2021 жылы басшылары анағұрлым көп көлемде сыйақы алған компаниялар рейтингін жасап шығардық», – деп хабарлады орталық.
«Нақтылай айта кетсек, бұл бір жылғы жиынтық сыйақы. Яғни, бұған жалақы мен барлық 12 ай ішіндегі бонустар кіреді. Бұдан бөлек, «бір қолға» жиынтық сыйақының қорытынды сомасы нақты компанияның басқарма мүшесінің санына байланысты. Мәселен, рейтингтегі бірінші боп тұрған «Евразия сақтандыру компаниясы» АҚ атқарушы органында 8 адам бар. Ал оларға бұл 4,3 миллиардтың қанша бөлігі берілгенін компанияның өзі ғана біледі», – дейді орталықтың баспасөз қызметі.
Орталықтың дерегі бойынша, тәртіп сақтайтын алматылық компаниялар өте аз болып шыққан. Мәселен, мұнда тіркелген ақционерлік қоғамның 67-сі бірден есеп өткізбеген. Екінші орында ел астанасы тұр, мұнда 33 компания есепті ұсынбаған. Өзге өңірлерде есеп өткізбегендердің саны бірен-саран.
Жалпы алғанда рейтингтегі 100 компанияның барлығы басшыларына сыйақы ретінде 48 млрд теңге төлеген, ал барлық 801 компания 71 млрд теңгеден астам ақша төлеген.
Қазақстанда мемлекеттік экономикаға араласуы жоғары екені білгілі. Тиісінше, акционерлік қоғамдардың арасында да мемлекеттік компаниялар өте көп. Мәселен, барлық тізімді қарамай, тек басшылыққа ең көп сыйақы берген 100 компанияның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен «Бәйтерек» холдингінің өзі мен оларға қарасты бірнеше компания бар. Атап айтқанда:
Яғни, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялардың басшылары 2021 жылы кемінде 6 095 932 671 теңге сыйақы алған. Бұдан бөлек:
Бәрін қосқанда «Бәйтерек» холдингі қарасты компаниялардың топ менеджменті 2021 жылы кемінде 1 446 893 844 теңге сыйақы алған.
Ал «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингіне тиесілі компаниялардың басшылары 2021 жылы жиынтық 7 542 826 515 теңге сыйақы алды.
Сонымен қатар «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басшылығы 182 320 981 теңге сыйақы алғанын да айта кету керек.
Айта кетерлігі, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Ресей және Ұлыбритания азаматы.