Halyq Uni логотип
×

Ақылы жолдардан қанша қаржы түскені белгілі болды

Бұл ақша қайда жұмсалып жатыр?

 Халық үні 11.02.2022 | 09:00
Ақылы жолдардан қанша қаржы түскені белгілі болды
фото: ИИДМ

Ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаражат түсті. Түскен қаржы ақылы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.

2021 жылы еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен ақша көлемі 8,1 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті, – дейді ИИДМ.

Сонымен қатар елімізде былтырғы қарашада тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңге түсті. Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға әрі бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама