«Жаңа туған балалар емес...». Ұлттық қор қаржысы кімдерге аударылады?

Дәурен Ерболат

Бұл мәселені қарастырып жатырмыз деді Ұлттық экономика министрі

фото: ашық дереккөз

Ұлттық қор табысының тең жартысы Қазақстандағы барлық баланың шотына аударылады. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Жүйе еліміздегі барлық баланы қамтиды. 18 жасқа дейін. Яғни жаңа туған балалар емес, барлық балаға (Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысы, - автор) аударылады, - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қор табысының тең жартысын балалар шотына аударуды ұсынған еді.