Halyq Uni логотип
×

Жемқорлардан 500 млрд теңге көлеміндегі қаражат пен мүлік қайтарылды

Барлық заңсыз алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалады

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2022 | 11:31
Жемқорлардан 500 млрд теңге көлеміндегі қаражат пен мүлік қайтарылды
фото: ашық дереккөз

Биыл 8 айда жалпы құны 500 миллиард теңге болатын мүлік, активтер мен ақша қаражаты елге қайтарылған деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін барлық заңсыз алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалуы керек, - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Оның айтуынша, орта білім беру сапасы – табысты ұлтты қалыптастырудың маңызды факторларының бірі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған активтерді қайтаруға, мемлекетке және Қазақстан халқына келтірілген залалды өтеуге ерекше көңіл бөледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама