Қазақстандықтардың несие қарызы 12 трлн теңгеден асады

Еркеғали Болатұлы

Қазір 7 млн 400 мың адамның несиесі бар

фото: ашық дереккөз

Халықтың банктер мен өзге қаржы ұйымдарына қарызы 12 трлн теңгеден асты.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, қазір 7 млн 400 мың адамның несиесі бар. Олардың шамамен 254 мыңы – жеке кәсіпкер.

Сондай-ақ өткен айда Кірістер комитеті Алматының өзінде 1 млн азаматтың банк алдында қарызы бар екенін жариялаған болатын. Соның ішінде 450 мыңнан аса тұрғынның қарызды қайтару мерзімі 90 күннен асып кеткен.