Астанада ғимаратты құлату сәті видеоға түсіп қалды

Халық үні

Ғимараттың қиратылу себебі – оның дұрыс салынбауы

коллаж: Halyq Uni

Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сарайшық көшесінде ғимарат толығымен бұзылды. Оны сүру сәті түскен видео әлеуметтік желіде жарияланды. Оқиға 8 ақпанда кешке болған екен.

«Егер сіз шамамен бір сағат бұрын ҚР СІМ ауданында естен кетпес дыбысты естісеңіз, онда қорықпаңыз: бұл сақалды құрылыс құлатылды», - делінген желідегі видео сипаттамасында.

Қала әкімдігінің мәліметінше, елорда орталығындағы бұл нысан ұзақ мерзімді құрылыс деп танылған. Салынып бітпеген ғимарат 2021 жылғы тамызда сүріле басталған. Ол құрылыс ережелерін бұза отырып салынған екен.