×

«Қазпошта» АҚ қызметкерлері кәсіпкерлер мен зейнеткерлердің ақшасын ұрлап келген

Барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған

 Динара Амантай 25.08.2022 | 16:48
Фото: atr.kz

Батыс Қазақстан облысында «Қазпошта» АҚ-ның екі қызметкері 4 жыл бойы ақша жымқырып келген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау фактісін анықтады. Барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жж. ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн.теңгедан астам қаражатын иемденіп алған, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама