Бүгіннен бастап Қазақстанда ақылы автожолдардың саны ресми түрде көбейді
Республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесі ақылы болады
Қазақстанда 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде ақы алу жүйесіне қорытынды тестілеу жүргізілді. Атап айтқанда: «Нұр-Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау».
«Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ-ның хабарлауынша, аталған учаскелер бойынша ақылы жүйені енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті және биыл 23 қарашада заңды күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынады.
Ақылы жолдар бойынша арнайы қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.