Ерболат Досаев теңгені әлсіретіп отырған басты факторды атады
Қазақстанда Ресей тауарына деген сұраныс артып барады
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысында ұлттық валютаның неге құнсызданып бара жатқанына түсіндірді. Бүгінде мұнай бағасы барреліне 84,4 долларға дейін немесе 7,5% өсті. Бірақ экономикалық белсенділіктің қалпына келуі мен фискалдық қарқынның жалғасуы бір айда доллар құнын 427,15 теңгеге дейін (0,3%) өсірді.
Оған мысал ретінде Ресей тауарларының импорты көбейгенін келтіруге болады. Досаевтың сөзінше, Ресей импортының өсуіне бизнес пен халық тарапынан сұраныстың артуы себеп болып отыр. Соның әсерінен биыл ІІ тоқсанда бірінші тоқсанға қарағанда көрші елден келетін тауар көлемінің артуы 2,4%-дан 36,1%-ға дейін жылдамдаған. Соның салдарынан қазан айында теңге бағамы бір рубль үшін 6,05 теңгеге дейін немесе 3,4%-ға әлсіреді.
«Импорт көлемі өскеннен кейін ел нарығында валютаға сұраныс тұрақты. Ал валюта нарыққа шектеулі түрде сатылады. Оның үстіне, шетелдік ақшасының сыртқы нарықтарда құбылмалы жағдайда тұруы теңге бағамына қысым жасауды жалғастыра береді», - дейді Ерболат Досаев.