Halyq Uni логотип
×

Алматыда бірнеше шенеунік 370 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Олар ЖШС басышысымен алдын ала сөз байласқан

 Халық үні 23.08.2022 | 13:10
Алматыда бірнеше шенеунік 370 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
фото © Нұрдәулет Әбікен

Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама