Премьер жеңілдігі бар автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінетінін де айтты
Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жиында Премьер-министр Әлихан Смайылов утилизация алымы бойынша мөлшерлемелер төмендейтінін мәлімдеді.
Бұған қоса ол халыққа эконом-санаттағы отандық автомобильдерді жеңілдікпен алуға мүмкіндік беретін автонесие бағдарламасына 100 млрд теңгеден астам қаржы бөлінетінін айтты.
18 қаңтарда үкімет утилизация алымы бойынша қаулы қабылдап, «ӨКМ операторының» утилизация алымын басқару қызметі тоқтады. Құжатқа сәйкес, «Жасыл даму» АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды.