1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 247 мың адам
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы 7 айда қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленгенін мәлімдеді.
Мысалы, шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 миллиард, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллиард, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 миллиард теңге бөлінген.
Ал 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 247 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) – 109 156 теңге болған.
Еске сала кетсек, шілдеде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 117 469 теңге болған еді.