×

Қанат Исламның көпбалалы анаға сыйлаған үйін алаяқтар тартып алды

Ақмола облысының тұрғыны бір жылдан бері танымал боксшы сыйға тартқан баспанасын алаяқтардан қайтарып алу үшін соттасып жүр

 Айнұр Шошаева 04.02.2022 | 12:30
коллаж: Halyq Uni

Ақмола облысында алаяқтар көпбалалы ананың үйін иемденіп алды. Сегіз баланың анасына ол баспананы белгілі боксші Қанат Ислам сыйлаған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Baigenews сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысының тұрғыны Гүлшат Баеділова көмек туралы өтінішін видеоға түсіріп, алаяқтардың құрбаны болғанын баяндады. Айтуынша, ол елорда іргесіндегі Талапкер ауылында тұрады. Оның төрт баласы мектепте оқиды. Оның бірі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қанат Исламның назарына ілеккен.

15 жыл бойы біз жалдамалы пәтерлерді араладық. Ал 2019 жылы Қанат Ислам ұлымның жетістіктері туралы және менің жалғызбасты ана екенімді біліп, бізге төрт бөлмелі үй сыйлады. 2020 жылы маған 500 мың теңге керек болды. Мен интернеттен қарызға ақша беретін бір әйелді таптым. Ол өз кезегінде менімен бірге осы ақшаны қарызға алған ер адамды алып келді. Біз нотариусқа бардық, – делінген өтінішінде.

Қарызға бір миллион алып, қарыз берушілерге баспана құжаттарын берген. 

«Бір айдан кейін ол әйел маған хабарласып, олардың кеңсесінің ережелеріне сәйкес менің құжаттарым басқа адамға сақтауға ауысатынын айтты. Мен күдіктеніп, келіспедім. Сол кезде олар мені үйімді тартып алатынын айтып, қорқыта бастады. Мені сол нотариусқа апарып, кіреберісте телефонымды алды», – дейді әйел.

Белгілі болғандай, нотариусқа барғанда ол сатып алу-сату шартына қол қойған. Бірақ өзі ол туралы білмедім дейді. Бір жылдан бері әйел мәмілені жарамсыз деп тану туралы өтінішпен соттасып жүр.

Мен барлық жерде көмек сұраймын. Міне, екінші сот отырысы өтті, бірақ менің проблемам шешілген жоқ. Баспанамды сату туралы хабарлама келген сайын, жүрегім ауырады. Менің денсаулығым жоқ. 15 жыл армандап, сыйға келген үйді қалай сатуға болады? Балаларым әлі кішкентай. Олардың баспанасыз жүргенін қаламаймын. Үйді сатпадым. Бұл адамдар менің сауатсыз және зиянсыз екенімді пайдаланып, алаяқтық жасады, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама