Halyq Uni логотип
×

Антикор ҚТЖ ұлттық компаниясын тексеруге кірісті

Мемлекет басшысы ҚТЖ ұлттық компаниясын толықтай жаңғыртуды тапсырған еді

 Халық үні 11.08.2022 | 13:31
Антикор ҚТЖ ұлттық компаниясын тексеруге кірісті
көрнекі фото: railways.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін талдауға кірісті.

Талдауды Антикор мен ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.

Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенеді, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді.

Ұлттық компанияға қатысты ақпарат және талданып саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электрондық поштаға жіберу керек.

Егер жемқорлық фактілері немесе болуы мүмкін қылмыстар туралы белгілі болса, 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына 24/7 режимінде хабарлай аласыз.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек, – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама