«River Coins Limited» компаниясы ҚР аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Ақмола облысында «River Coins Limited» компаниясына қатысты 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың мамырына дейін ақшаны заңсыз тарту дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеруді бастады.
Тергеу нәтижесінде компанияда спираль қағидаты бойынша төлемдер жүйесі бар екені анықталды. Бірінші деңгейдегі салымшылар жаңа салымшылардан түсетін жарналарды қайта бөлу есебінен сыйақы алып отырған.
«River Coins Limited» компаниясы ҚР аумағында кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелмеген, банк операцияларын жасауға – қаражат тартуға және сыйақы төлеуге лицензиялары мен рұқсаттары жоқ.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.