Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында су тарифін қымбаттатқан монополист жазаланды

Тұтынушыларға келтірілген залалды өтеу жолдары шешілді

 Халық үні 02.02.2022 | 16:59
Атырау облысында су тарифін қымбаттатқан монополист жазаланды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында сумен жабдықтау қызметтері бағасын негізсіз өсіруді тоқтатып, тарифті төмендетті.

Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті монополистің тұрғындар мен заңды тұлғалар үшін сумен қамтамасыз ету тарифін асыра бағалау фактісін анықтады, – дейді ҚМА.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 221-бабының 1-бөлігі (монополиялық қызмет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сонымен бірге, тұтынушыларға келген залалды өтеу мақсатында 2022 жылдың соңына дейін Атырау облысының тұрғындары үшін аталған коммуналдық қызметтерге жеңілдетілген өтемдік тариф енгізілді.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Таразда жылу тарифін 15%-ға төмендетсе, 2021 жылғы тамызда коммуналдық қызмет бағасының негізсіз өсуін тоқтатқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама