Биыл елімізде 630 мың адамның проблемалық қарызы жеңілдейді
Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 84,7 мың қарыз алушы қамтылмақ
Қазақстанда биыл жеке тұлғалардың 630 мың проблемалық несиесін реттеу жоспарланып отыр деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Биыл банктер жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының ағымдағы деңгейін төмендету бойынша жеке жоспарлар жасады. Банктер реттеу жөніндегі іс-шаралармен шамамен 630 мың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 84,7 мың қарыз алушыны қамтуды жоспарлаған, - деп мәлімдеді бүгін агенттік төрағасының орынбасары Олжас Кизатов.
Оның айтуынша, банктер кепілдерді өтеу, сату, қарыздарды есептен шығару және сапасын жақсарту, оның ішінде проблемалық қарыздарды 694 млрд теңге сомасына есептен шығару есебінен іс-шаралар жоспарын 1 трлн теңгеге немесе 55 пайызға орындаған.