×

Әр балаға 36 мың теңге: Депутат АӘК-ті бес есе көбейтуді сұрады

Себебі елімізде әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрады

 Ербол Тұрымбет 02.02.2022 | 14:30
коллаж: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева атаулы әлеуметтік көмек көлемін 5 есе көбейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде 1 млн 145 мың отбасы дағдарыс жағдайында, 12 мың бала қолайсыз жағдайда деп есепте тұрған отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Нәтижесінде, әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі бала құқықтарының бұзылуы мен қайғылы жайттарға, яғни оның балалар үйіне түсуіне және зорлық-зомбылыққа әкеп соғып жатыр. Айталық, өткен жылы 2888 балаға яғни, орта есеппен күніне 6 балаға қарсы қылмыс жасалған.

Одан бөлек, елімізде кемінде 625 мың, демек әрбір оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрып жатыр. Бұндай отбасын қолдаудың бір түрі – атаулы әлеуметтік көмек, яғни «АСП». Алайда оның мөлшері тіпті қарапайым қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, 6 адамнан тұратын отбасына берілетін «АСП» мөлшері 7 мың теңгедей ғана.

Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдауды арттыру үшін «АСП-ны» әр балаға күнкөріс минимумына дейін арттыру керек. Яғни 1 балаға 36 мың теңге. Бұл үшін қосымша 225 млрд теңге қажет екен. Сол мәселені биылғы Балалар жылына орай өкілетті органдар әзірлеп жатқан шаралар жоспарына кіргізу керек, – дейді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ер адамның дене пішіні әйелге ұқсап бара жатыр»: дәрігер пластик бөтелкеден су ішудің салдары барын ескертті

Пластик құрамындағы бисфенол тағам, су арқылы ағзаға өтіп, ксеноэстроген гормонына айналады
27.05.2023 | 21:37

Солтүстік Қазақстанда малшы найзағай түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай болған 25 мамыр күні ол мал бағып жүрген
27.05.2023 | 20:52

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08