Halyq Uni логотип
×

«Элитстрой» компаниясының жұмысшылары 4 айдан бері жалақысыз жүр

Құрылысшылардың бәрі пәтер жалдайды, несиелері бар

 Еркеғали Болатұлы 04.08.2022 | 13:22
«Элитстрой» компаниясының жұмысшылары 4 айдан бері жалақысыз жүр
фото: ашық дереккөз

Алматыда «Элитстрой» құрылыс компаниясынан жалақысын өндіре алмай жүрген жұмысшылар жиналды. Тапсырыс алған мердігер компания жүктелген жұмысты аяқтағанмен, ақшаны 4 ай бойы бермей келе жатыр екен. Ал компания олардың өзі кінәлі дейді.

«Элитстроймен» келісімшартқа отырған мердігер компанияның өкілі Назгүл Тойғанбекова 10 миллион теңгеден аса ақшаны ала алмай жүргенін айтты.

Осы жерде 50 балаға бригадир болып істегенмін. Желтоқсанда үйдің 5 қабатын салдық. Соның ақшасын әлі берген жоқ. Құрылысшылардың бәрі пәтер жалдайды, несиелері бар. «Элитстрой» компаниясы бізге 12 миллион теңге қарыз, - дейді шағымданушылардың бірі Ержан Оралбаев.

Алайда компания басшылығы жауапкершіліктен ат-тонын ала қашқан. Олардың уәжіне сүйенсек, мердігер компания атқарған жұмысында кеткен олқылықты түзетпегені үшін арты осындай жағдайға ұласқан.

Біз әр келген сайын ескертпені орындасын деп айттық. Олар мамыр айында құрылыс алаңын тастап кетті. Сол уақыттан бері бәрін қалпына келтіргенде, біз бұл мәселені шешер едік. Амал жоқ, сосын арадағы келісімшартты бұздық, - дейді «Элитстрой» құрылыс компаниясының атқарушы директоры Зәуреш Әлиева.

Меселі қайтқан жұмысшылардің енді айлығын даулап Еңбек инспекциясына арызданудан басқа амалы жоқ. Бұл даудың нүктесі тек сотта қойылатын түрі бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама