×

«Уәде етілген 100 АЕК қайда?»: Бақыт Сәрсекбаев министрге шүйлікті

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жарлық тек 20 шілдеде күшіне енген

 Еркеғали Болатұлы 03.08.2022 | 17:36
фото: ашық дереккөз

Бокстан 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзінің Instagram-дағы парақшасы арқылы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевқа үндеу жолдады.

«Жыл басынан бері, жаңа министр тағайындалғаннан бастап мен табалдырық тоздырып, спортшылардың өмір бойғы төлемі мәселесін көтеріп келемін. Наурыз айында ресми тұлғалар ол 100 АЕК-ке (306 300 теңге) дейін көтерілетінін айтты. Өткен айда министр де осылай деген. Сол сәтте спорт майталмандары мемлекеттің өздеріне назар аударғанына көз жеткізген еді. Тіпті денсаулығын қалпына келтіруге жоспар құра бастады», - дейді ол.

Алайда спортшылар шілде бойы өздерінің шоттарын тексерумен болғанда, 100 АЕК емес, тіпті бұған дейінгі 25 АЕК (76 575) те түспегеніне көз жеткізген.

Міне, тамыз айының басында спорт ардагерлерінің шоттарына ешқандай түсіндірмесіз 50 АЕК-тен (153 150) түсті. Бәрі «министр уәде еткен 100 АЕК қайда?» деп менен сұрай бастады, - дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Ал министрлік өкілдерінің айтуынша, жарлық тек 20 шілдеде күшіне енген.

«Ақша қайда, Абаев мырза? Неліктен спорт пен спортшылар зардап шегеді? Біз тағы да үнемдейміз бе? Уәде етілген 100 АЕК қайда? Төлемді ұйымдастыруға уақыт жетпеді ме?» - деп күйінді спортшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама