Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар ұсталды

Халық үні

Олардан зардап шеккен 130-ға жуық адам көмек сұрап отыр

фото: ашық дереккөзден

Қаржы пирамидасын құруына байланысты іздеу салынған ерлі-зайыптылар құрықталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Елімай 2019» тұтыну кооперативі түрінде қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е.Кизбаев пен Ж.Өмірбаеваны ұстады, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша, Алматы облысында және Қазақстанның басқа өңірлерінде «Елімай 2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын құру әрі оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Күдіктілер Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді. Жәбірленушілер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.