Олар компанияда жаппай қысқарту жүріп жатыр дейді
Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбек дауына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.
«Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС жұмысшылары Президенттен қысқартуға қатысты мәселені шешуді сұрады, – дейді Lada.
Олар үндеуде компаниядағы проблемаларды атап берді.
«Бізді күштеп 5/50 бағдарламасы бойынша жұмыстан шығарды. Жұмысқа қайта қабылдауға уәде берілген. Амалсыздан бұл шартқа көндік. Алайда олар сөздерінде тұрмады», - дейді жұмысшылар.