Бұл дода Қазақстан құрамасы үшін ең сәтсіз өткен еді
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жүргізген аудиттің нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Есеп комитетінің мәліметіне сәйкес, ведомство 2021 жылғы желтоқсанда Токиода өткен Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізген.
Мемлекеттік аудит барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне республикалық бюджет кірісіне 1 329,9 мың теңге сомасындағы қаражатты өтеу және қаржылық тәртіпті нығайту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, – делінген хабарламада.
Нәтижесінде бүгінгі күні республикалық бюджетке 1 329,9 мың теңге сомасындағы қаражат өтелгені белгілі болды. Сондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2022 жылға арналған шарттарды жасасу кезінде техникалық өзіндік ерекшеліктерді сәйкестікке келтірді.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Токиода өткен Олимпиада ойындарынан алтын медальсіз, тіпті күміс жүлде де ала алмай қайтқан еді. Құрама қоржынында 8 қола медаль. Дүбірлі додадан кейін Токио Олимпиадасын Қазақстан тарихындағы ең төменгі нәтиже көрсеткен дода деп атағандар көп болды.
Токиодан жүлдемен оралғандар:
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев құрама нәтижесін «бөлінген қаражатқа сәйкес келмейді деп» сынап, Токио Олимпиадасына бөлінген қаржыға тексеріс жүргізуді тапсырған еді.