×

Ресейлік жаттықтырушы «Ақтөбе» клубынан 100 мың еуро өндіріп алды

Енді команданың соттың шешіміне шағым түсіруге 10 күн уақыты бар

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2022 | 10:51
Көрнекі фото

Футболдан «Ақтөбе» клубының бұрынғы бас жаттықтырушысы Владимир Муханов командадан 100 мың еуроны өндіріп алды.

Бұл туралы prosports.kz хабарлады.

Спорт порталының мәліметіне қарағанда, экс-бапкер сотта клубпен арадағы еңбек дауын жеңіп шықты.

27 сәуірде «Ақтөбе» командасы Қазақстан Премьер-лигасында «Тараз» клубынан 0:3 есебімен жеңілген соң, Мухановты бас жаттықтырушы қызметінен алып, жалақысын толық көлемде қалдырып, көмекші қызметіне тағайындаған болатын. Ресейлік бапкер осыған келіспей, жұмыстан кету туралы өтішін жазып, команданың басшылығының үстінен арыз жазған. Сот істі қарап, Мухановтың пайдасына шешті.

Еyді «Ақтөбе» клубының соттың шешіміне шағым түсіруге 10 күн уақыты бар. Осы уақытта сот команданың шағымына келісіп, шешімін өзгертпесе, клуб ресейлік жаттықтырушыға 100 мың еуро төлейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама