Ол өзіне жеті жыл бойы жалған жалақы аударып келген
Алматыда «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері сотталды.
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Алматы қаласы білім басқармасының «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері Е.Л.Офицероваға қатысты аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында бас бухгалтердің 2013-2020 жылдар аралығында өзінің карточкалық есепшотына жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жалған жалақысын заңсыз аударғаны, сол арқылы мемлекеттік мекемеге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтіргені анықталды, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Сот үкімімен экс-бас бухгалтер қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды.