Halyq Uni логотип
×

50 млн теңге жымқырған оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды

Ол өзіне жеті жыл бойы жалған жалақы аударып келген

 Халық үні 28.01.2022 | 18:00
50 млн теңге жымқырған оқушылар үйінің бас бухгалтері сотталды
фото: almaty.hipdir.com

Алматыда «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері сотталды.

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті Алматы қаласы білім басқармасының «№3 оқушылар үйі» МКҚК бас бухгалтері Е.Л.Офицероваға қатысты аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында бас бухгалтердің 2013-2020 жылдар аралығында өзінің карточкалық есепшотына жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатының жалған жалақысын заңсыз аударғаны, сол арқылы мемлекеттік мекемеге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтіргені анықталды, – дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот үкімімен экс-бас бухгалтер қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, кінәлі деп танылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама