Қор салымдарды жинаудың тиімді жолын көрсетті
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылғы шілде және тамызға барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемені көтерді.
Бұл өзгерістер 26 шілдеден бастап күшіне енеді. Бүгіннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы, – делінген хабарламада.
Банктерде депозиттің пайыздық мөлшерлемесі мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымы болып бөлінетіні белгілі. Қордың хабарлауынша, 26 шілдеден бастап мерзімсіз салымдар 14 пайызға, мерзімді депозит 3 ай мен жарты жылға 14,5 пайызға, бір жылға 14 %-ке, екі жылға 9,9 %-ке өсті.
Жинақ салымы 3 ай 15,5 пайызға, жарты жылға 16 %-ке, бір жылға 15,7 %-ке, екі жылға 13 %-ке көтерілді.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры халыққа депозитке ақша жинау үшін мынадай кеңес береді.
Егер күтпеген жағдайларға ақшалай қор жинау қажет болса, мерзімсіз салымды таңдаңыз. Оған ешқандай шектеусіз ақша салуға және алуға болады.
Ірі көлемде ақша жинасам, бірақ одан керек кезінде мерзімінен бұрын ақша алу мүмкіндігіне ие болсам десеңіз, мерзімді салымды таңдаңыз. Оны шектеусіз толықтыра аласыз. Мерзімінен бұрын ақша алуға да болады. Бірақ сыйақыдан қағыласыз.
Егер барынша тиімді мөлшерлеме есебінен тезірек ақша жинағыңыз келсе – толықтыруға болатын жинақ депозитті таңдаңыз.
Еш тәуекелсіз, ең тиімді шартпен капитал инвестициялағыңыз келсе, жинақ депозитті таңдаңыз.
Екі түрлі депозит – мерзімді және жинақ салымдар бойынша мерзімінен бұрын ақша алу көзделмеген. Есесіне оларға жоғары сыйақы мөлшерлемесі есептеледі.