ЖШС директоры 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Cұлтан қаласында жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша «АйДи Строй 2030» ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында ЖШС атынан түрлі компаниялармен жалған мәмілелер ресімдегені анықталды.
Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 900 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.
Д. Құрманғожиноваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.