Halyq Uni логотип
×

Шетелден қайтарылған қаржы жүздеген миллиард теңгеге жетті - зерттеу институты

Шет елдердің қаржылық барлау бөлімшелері, халықаралық ақпарат алмасу желілері сияқты сенімді серіктестеріміз баршылық

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2022 | 17:29
Шетелден қайтарылған қаржы жүздеген миллиард теңгеге жетті - зерттеу институты
фото: аlashainasy.kz

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1,5 айда айтарлықтай нәтиже көрсетті деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Стратегиялық зерттеулер институтының өкілі Ермек Тоқтаровтың айтуынша, қазір қайтарылған қаржы жүздеген миллиардқа жетеді және бұл – атқарыла бастаған жұмыстың басы ғана.

Айта кетерлігі, Қазақстан экономикалық ресурстардың санаулы адамдар қолында шоғырлануына қарсы белсенді күрес жүргізіп жатқан жалғыз ел емес. Шекара сыртында шет елдердің қаржылық барлау бөлімшелері, халықаралық ақпарат алмасу желілері сияқты сенімді серіктестеріміз баршылық.

Мемлекет басшысы жариялаған «Жаңа Қазақстанды» құру бағыты ең алдымен әділдік пен заң алдында барлығының теңдігі қағидаттарын бекітуді көздейді. Сондықтан мүлікті жеке меншікке беруге қатысты мемлекет үшін тиімсіз, бәсекелестіктен тыс, тіпті заң нормаларына қайшы жасалған келісімдер қайта қаралады, - деді Президент жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров.

Оның айтуынша, мұндай келісім-шарттарды анықтау, оларды сот тәртібімен бұзу, сондай-ақ кейіннен активтерді қайтару – ұзақ уақытты қажет ететін үрдіс. Сондықтан заңсыз алынған мүлікті қайтару жұмысында жүйелілік пен табандылық өте маңызды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама