Halyq Uni логотип
×

Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» 10 млрд теңге аударды

Соңғы мәлімет бойынша, қорда 42 млрд теңгеден астам қаржы жиналған

 Халық үні 27.01.2022 | 16:39
Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» 10 млрд теңге аударды
фото: ашық дереккөзден

Қоғам қайраткері, бизнесмен, меценат Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 10 миллиард теңге аударды.

«Қазақстан халқына» қоры Президент бастамасымен құрылды. Оның басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды. Бүгінде ұйымға елдегі олигархтар мен қарапайым қазақстандықтардан 42 млрд теңге қаражат түсті.

Қорға аударылған ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Қор орфандық әрі басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама