×

Қарағанды облысы қызметкерлерімізге 1 млрд теңге жалақысын төлеп берді – Берік Әбдіғалиұлы

Өңірдің бюджеті – 103 млрд теңге

 Дәурен Ерболат 20.07.2022 | 15:22
Фото: newtimes.kz

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірде жалақыға қатысты мәселе туындағанын, ол тамызда шешілетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, Қарағанды облысының бюджеті 610 млрд теңге болған (өңір бюджетінің 17%-ы).

«Бүгінде Ұлытау облысына 103 млрд теңге бөлінді. Өңірде 150-ден аса білім беру нысаны бар. Бұл – мектептер, балабақшалар және тағы басқа. Қазір біз нысандарды қабылдап жатырмыз… Облыстық деңгейдегі мекемелердің бюджеті, ондағы қызметкерлердің жалақысы бақылауда», - деді өңір басшысы.

Берік Әбдіғалиұлы облыста жалақыға қатысты проблема болғанын, оны алдағы уақытта шешетінін атап өтті.

Қазір мұғалімдер, дәрігерлер және тағы басқа әлеуметтік саладағы қызметкерлер демалысқа шығып жатыр.  Ұлытау облысы құрылғанша Қарағанды облысына айлықты беру бойынша өтініш білдірдік. Нәтижесінде аталған облыс шілдеде тиісті қаражатты бөлді. Бұл – 1 млрд 200 теңге, - деді Ұлытау облысының әкімі.

Айта кетейік, Ұлытау облысында бюджет қаражаты әлеуметтік маңызы бар нысандарға бөлінетіні хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама