«SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A.» компаниясы акционерлердің арасында жоқ
Қазақстан қаржы нарығындағы «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің тізімі жаңарды.
«SKYLINE INVESTMENT COMPANY S.A.» жеке компаниясы 1 шілдеден бастап «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің тізімінде жоқ,
Оның орнына Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті акционер атанған. Енді елдің басты телекоммуникациялық компаниясының акциясының 45,90 пайызын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚғ 25,42%-ын «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ, 8,62 пайызын «The BANK OF NEW YORK Mellon DRS» банкі (номиналды ұстаушы) алды.
Осылайша «Қазақтелеком» АҚ-тың 70 пайызы мемлекет меншігіне өтті.