Депутат «Қазақстан халқына» қоры жайлы: «Менеджмент жалақысы ашық болуы керек»

Айнұр Шошаева

Мәжілісмен Ерлан Саиров қордан транспаренттікті талап етті

коллаж: Halyq Uni

Елімізде «Қазақстан халқына» қорына қатысты көптеген ой-пікір айтылып жатыр, деп хабарлайды Halyq uni тілшісі.

ERG корпорациясы «Қазақстан халқына» қорына 30 млрд теңге аударды. Қордың жұмысы ашық, қоғамға түсінікті болуы тиіс. Қордың, менеджментінің жалақысы, олардың жүріс-тұрысы ашық болуы керек», – деп жазды мәжілісмен фейсбуктегі парақшасында. 

Сондай-ақ нұротандық депутат қорға жиналған ақшаның қайда жұмсалу керектігін де айтты. 

Қаржының басым бөлігі өзіміздің қаракөз, ауыл жастарының «әлеуметтік лифт» проблемасын шешуге, жастардың еңбек квалификациясын көтеруге, ауылдағы аналардың материалдық мәртебесін көтеруге бағытталуы тиіс. Әйтпесе, халықтың сенімі болмайды, – деп қосты Саиров.

«Қазақстан халқына» қоры Президент бастамасымен құрылды. Оның басшысы болып Болат Жәмішев тағайындалды. Бүгінде ұйымға елдегі олигархтар мен қарапайым қазақстандықтардан 42 млрд теңге қаражат түсті.