Halyq Uni логотип
×

21 жылға сотталған Тоқтар Төлешовке қатысты тың ақпарат шықты

«Сыра королінің» активтері заңсыз қайта рәсімделген

 Динара Амантай 18.07.2022 | 13:41
21 жылға сотталған Тоқтар Төлешовке қатысты тың ақпарат шықты
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Шымкент сыра» зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешовтің активтері заңсыз қайта рәсімделген. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта айтылды.

Комиссияның хабарлауынша, Жоғарғы сот Тоқтар активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарап жатыр.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот сатысына олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша 4 наразылық келтірілген. Оларды қайта қарау мемлекетке 30 млрд теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.

«Шымкент сыра» ​​зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешов 2016 жылдың қарашасында 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған азаптау, кісі өлтіру, адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, экстремистік топ құру және оған басшылық жасау немесе оның қызметіне қатысу және басқа да баптар бойынша айып тағылды. Ол сонымен қатар билікті күшпен басып алуға бағытталған қылмыстық топты қаржыландырғаны, есірткіні заңсыз сатқаны үшін сотталды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама