Halyq Uni логотип
×

Виктор Храпуновтың ШҚО-дағы 8 жер учаскесі тәркіленеді

200 млрд теңге көлеміндегі компаниялардың қаражаты мен акциялары мемлекетке берілді

 Дәурен Ерболат 18.07.2022 | 10:36
Виктор Храпуновтың ШҚО-дағы 8 жер учаскесі тәркіленеді
Виктор Храпунов, фото: instagram.com/viktorkhrapunov/

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың жер учаскесін тәркілеу үшін іс қозғалды. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан хабарланды.

Бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғасып жатыр. Бүгінде осындай 36 объект анықталған. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу үшін атқарушылық іс қозғалған.

Бұдан өзге, комиссия монополиясыздандыру шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстырдың нәтижесіне тоқталды. Оған сай қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) сияқты компаниялардың қаражаты мен акциялары мемлекетке берілген. Бұл активтердің сомасы шамамен - 200 млрд теңге.

Бұған қоса, таяуда Жамбыл облысында 1,7 млрд теңгеге заңсыз жекешелендірілген 3 объект сот тәртібімен мемлекетке қайтарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама